Инклюзивті білім беру көрсеткіші 90 пайызға жетті
Атырау облысында инклюзивті білім беру көрсеткіші 90 пайызға жетті. Аудандардағы білім ордаларында арнайы психологиялық-педагогикалық, емдік дене шынықтыру кабинеттері ашылып жатыр. Жылыой ауданында «Игілік» бағдарламасы арқылы жүзеге асқан жоба тағы да жалғасын тауып, алдағы уақытта барлық мектептен арнайы сыныптар ашу көзделіп отыр.
Биыл Құлсары қаласында 5 мектепте инклюзивті сынып ашылды. Барлығы заманауи
талапқа сай, құрал-жабдықпен толық қамтылған. Құлсары қаласының тұрғыны Бақыт
Ырзабаева баласының ерекше екенін даярлық сыныбында байқаған. Содан бері ұлымен
педагог ассистенттер жұмыс істеп келеді. Ата-ана шағын орталықтың баланы
жан-жақты дамытудағы үлесі басым екенін айтады.
Бақыт Ырзабаева, Құлсары қаласының
тұрғыны:
Басында келген кезде балам агрессивті болды. Содан емделдік, апайлардың да жылы сөзінің, көмегінің арқасында қазір балам бір орында отыра алады. Тыңдай алады, ести алады, берген тапсырманы орындайды.
Қазір №16 Далабай Жазықбаев атындағы мектепте ашылған 2 кабинетте 14 оқушы
оңалтудан өтуде. Демеушілікпен ашылған сыныптардың бірі психологиялық
педагогика, ал екіншісі баланы емдік дене шынықтыру арқылы оңалтуға бағытталған. Олармен 10
педагог ассистент жұмыс істейді. Дегенмен
әлі
де маман тапшы.
Саягүл Еркінғалиева, әлеуметтік
педагог:
Бізге логопед, дефектолог мамандар керек. Оларға сұраныс берілді. Қазір маман қарастырылып жатыр. Барлық құрал-жабдықтар бар. Балалардың дамуына, сапалы білім алуына барлық жағдайы жасалған.
Инклюзивті білімге мұқтаж
балалар үшін қажетті деңгейде жағдай жасалып жатыр. Бірақ алыстан қатынайтын оқушылардың мәселесі әлі де өткір
тұр. Сондықтан аудандағы мектептердің барлығынан біртіндеп инклюзивті
кабинеттер ашу жоспарда, бар,
-
дейді жауаптылар.
Гүлнафис Айшуақова, Жылыой ауданы
әкімінің орынбасары:
Мектепке әр аумақтан барады балалар. Мысалы, аэропорт ықшам ауданынан ол баланы 1 ықшам ауданға тасымалдау қиын болады. Соған байланысты өз аумағында тұрған мектептен кабинет ашып, сондай жағдай жасағымыз келеді.
Ал облыс бойынша арнайы
білімді қажет ететін 7 мыңнан астам бала бар. Оның 5737-сі
психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Оларға арнайы білім беру
қызметтерін көрсететін 19 ұйым жұмыс істейді.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10