Семейде жазда ыстық су берілетін болды
Семейде
жазда ыстық су берілетін болды. Бұл облыс орталығында жылдар бойы шешілмей келе
жатқан түйткіл еді. Тұрғындар жаз шықса су ысытатын құрылғыларды пайдаланып
немесе суық суды қанағат тұтуға мәжбүр болды. Енді биыл қаладағы 600-ден астам
көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтылмақ. Мамандар бірнеше жылу көзінен
кезең-кезеңімен берілетіндігін айтады. Дегенмен, жөндеу жұмыстарына байланысты
90-нан астам үйде уақытша шектеулер болуы мүмкін. 2025 жылы 12,6 млрд теңге
бөлініп, 23 жылу орталығы мен 22 шақырым құбырлар желісі жөнделді.
Әділет Қожанбаев, Семей қаласының әкімі:
Жазғы мезгілде 601 көпқабатты тұрғын үй, яғни 40 мыңнан астам абонент ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Айта кететін мәселе, өздеріңіз білесіздер, қала бойынша 620 көпқабатты тұрғын үйге ыстық сумен жабдықтау жүйесі мүлдем тартылмаған. Тартылған жүйесі бар үйлерге 697, биыл ыстық су қосылатын болады.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04