487 жол учаскесінде интернет жоқ
Жол бар, бірақ интернет жоқ. Бұл жай қолайсыздық емес, бұл қауіпсіздік мәселесі. Қаладан шыға салысымен байланыс үзіліп, адамдар кез келген сәтте көмексіз қалуы мүмкін. Ресми түрде елдегі интернетпен қамту 94% делінгенімен, шындықта 500-ге жуық жол учаскесінде мүлде желі жоқ, Оның жартысы – республикалық трассалар. Әсіресе Астана – Алматы, Алматы – Өскемен бағыттарында жолаушылар сағаттап байланыссыз жүреді. Жол апаты, не көлік бұзылса – көмек шақыру қиын. Бұл – тек қолайсыздық емес, адам өміріне төнген нақты қауіп. Бүгін жоғарыда аталған статистиканы негізге алып, осы өзекті мәселені Парламент Мәжілісінің депутаты Руслан Қожасбаев көтеріп, Үкіметке нақты шешу жолдарын ұсынды.
Руслан Қожасбаев, Мәжіліс депутаты:
Мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, байланыс операторлары және инвесторлар арасындағы үйлестіруді күшейтуді, заманауи технологиялық шешімдерді, оның ішінде спутниктік байланыс жүйелерін пайдалана отырып, елдің негізгі көлік дәліздерін, барлық республикалық және облыстық жолдарды кезең-кезеңімен мобильді байланыспен қамтуды қамтамасыз етуді сұраймын.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17