Жаңа баспана саны бойынша биыл рекордтық көрсеткіш орнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа баспана саны бойынша биыл рекордтық көрсеткіш орнады

21.12.2023

Биыл ел аумағында жаңадан салынған баспана саны бойынша рекордтық көрсеткіш орнады. Қаңтар мен қараша айлары аралығында 102 мыңнан астам пәтер қолданысқа берілді.

Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша, жыл басынан бері елордада 41 800 пәтер пайдалануға берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 100 пәтерге артық. Ал Алматы қаласында былтырғыға қарағанда жаңадан салынған пәтер саны 6 800-ге көп. Жалпы екі ірі қаладағы қолданысқа берілген баспаналардың үлесі 60 пайызды құрап отыр. Мегаполистермен қоса Алматы мен Жетісу облыстары және Шымкент қаласында да құрылыс қарқыны ұлғайғанын байқауға болады.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу