Атырауда 51 жастағы әйел емханада көз жұмды
Атырауда 51 жастағы әйел емханада укол қабылдағаннан соң көз жұмды. Қайғылы оқиға процедуралық бөлімде болған. Бұған дейін азаматша 24 қараша күні құлағына қатысты шағыммен аталған емханадағы отоларинголог дәрігердің көмегіне жүгінген. Кейін 13 желтоқсанда жеке сурдолог дәрігердің нұсқауымен процедуралық бөлмеге жолдама алу үшін өзінің учаскелік дәрігеріне барған. Ал 14 желтоқсанда сағат 9.15-те бірінші ине алғаннан кейін өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Санаулы минуттардан кейін көз жұмған. Қазір сот-медициналық сараптама басталды.
Дина Камелова, дәрігер:
Бүгінге қандай себеп болғанын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Нақты диагноз бен өлімнің себебі содан соң анықталады. Әзірге анафалактикалық шок деп ойлап отырмыз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01