АҚШ-та мұғалімге оқ атқан баланың анасы сотталды
АҚШ-та мектеп мұғалімін атып жаралаған, бірінші сынып оқушысының анасы екі жылға сотталды. 26 жастағы Дежа Тейлорға «баласын қараусыз қалдырды, тапаншасын тиісті орында сақтамады, салдарынан ұлы қаруды мектепке апарып, қылмыс жасады» деген айып тағылған. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Бірақ, кінәсін мойындап, оқиғаға өкінішін білдіргендіктен екі жыл жаза кесілді. Балаға ешқандай айып тағылмаған, қазір басқа мектепте оқиды. Ал, ауыр жарақат алған мұғалім екі аптаға жуық ауруханада жатып, бес рет операция жасатқан. Сондықтан оқушының мектепке тапанша ұстап келгенін бірнеше рет ескертсе де елемеген мектеп әкімшілігін сотқа беріп, 40 миллион доллар өтемақы талап етіп отыр.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
WhatsApp аккаунтын қорғау қажеттігі ескертілді
10.08.2026, 13:00
Ақтөбе облысы аудандарындағы спорт мектептеріне қолдау көрсетілді
10.08.2026, 09:58
«Болашақ ойындары – 2026» турнирі аяқталды
10.08.2026, 09:58
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің жеңімпазы атанды
10.08.2026, 09:57
АҚШ-та күзетшілерді робот алмастыра бастады
10.08.2026, 09:55
Орман өрті қаулап, британдық Колумбияда төтенше жағдай жарияланды
10.08.2026, 09:51
Қазгидромет қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады
10.08.2026, 09:51
Ақтауда 13 жастағы баланың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
10.08.2026, 09:50