Ақтөбе облысы аудандарындағы спорт мектептеріне қолдау көрсетілді
Ақтөбе облысындағы спорт мектептеріне жаттығуға қажетті 700-ге жуық құрал-жабдық таратылды.
Бұл облыстық Әуесқой бокс федерациясының демеушілігі. Спорттық инвентарларды алуға 13 миллион теңге жұмсалған. Жабдықтар негізінен аудандардағы спорт мектептеріне бөлінді. Қазір өңірде бокспен 8 600 адам айналысады. 22 спорт мектебінде 140 кәсіби спортшы бар. Олардың арасында республикалық, халықаралық турнирлерде топ жарып жүргендері жетерлік. Мемлекет басшысының өзі боксты ұлттық спорт түрі деңгейіне көтеруді тапсырған еді. Сондықтан жаттықтырушылар осындай қолдаулардың арқасында үлкен жетістіктерге жетуге күш саламыз дейді.
Әлібек Көпесов, облыстық Әуесқой бокс федерациясы басшысының орынбасары:
Мұндай шараны үшінші рет өткізіп жатырмыз. 2023 жылы, 2020 жылы өткіздік. Біздер алдымен аудандарға көмектестік. Өйткені аудандарда қаражат аздау. Қолғап жоқ, шлем жоқ. Сондай қажетті заттарды беріп, көмектесіп жатырмыз.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16