Қазгидромет қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады
Қазақстанның барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. «Қазгидромет» мәліметінше, бірқатар облыста ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріліп, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл және екпінді жел күтіледі.
Ең жоғары температура Қызылорда облысында болуы ықтимал. Өңірдің орталығы мен шығысында ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріліп, шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай соғып, бұршақ түсуі мүмкін. Атырау облысында ауа температурасы күндіз +39 градусқа жетуі мүмкін. Төтенше өрт қаупінен сақтану қажет. Алматы қаласы мен Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және бірқатар солтүстік өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Түркістан облысында ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріліп, таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал. Өңірде төтенше өрт қаупі бар. Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы