Басты Жаңалықтар Қазақстандық әйгілі «Nomad Stunts» каскадерлар тобы отандық фильмге түседі

Қазақстандық әйгілі «Nomad Stunts» каскадерлар тобы отандық фильмге түседі

Қазақстандық әйгілі «Nomad Stunts» каскадерлар тобы отандық фильмнің түсіріліміне дайындалып жатыр. 15 кәсіби каскадер қазір Алматы облысындағы таулы аймақта қауіпті трюктерге әзірлігін пысықтауда. Бұған дейін Диснейдің «Мулан» туындысында, сондай-ақ осы жылы жарық көрген голливудтың «Наполеон» фильмінде каскадер һәм дублер қызметін атқарған мамандар, енді отандық фильмнің түсіріліміне кіріспек.

Секіру, құлау сынды трюктер «Nomad Stunts» каскадерлар тобының мүшелеріне үйреншікті жағдай. Сондықтан олар дәл осы эпизодты бірнеше сағат пысықтады. Мақсат, талғамы биік көрерменге сапалы кадр ұсыну. Жігіттер қазір отандық фильмнің түсіріліміне дайындалып жатыр.

Еркебұлан Сүлейменов, каскадер:

Дәл қазір трюктерге дайындалып жатырмыз. Дублерлар жұмыс істеп жатыр. Сырғанау, құлау, соғылу деген сияқты. Мұнда екі риггер, 4 дублер, трюктерге арналған сахнаны қоюшы және асиситент, жалпы алғанда 15 адам жұмыс істеп жатыр.
Түсірлімнің басталуына әлі бірнеше күн бар. Дегенмен каскадерлар бір апта бұрын дайындықты бастап, таңын атысы, кештің батысы түрілім алаңында жүр.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Дәл қазір ең қауіпті эпизодтардың біріне кезек келді. Каскадерлер дайын. Не болатынын тамашалайық.

Бұл трюкті орындау үшін мықты физикалық және моральдық дайындық керек дейді, жігіттер. Әйтпеген жағдайда жарақат алуы мүмкін.

Ықылас Алмабеков, каскадер:

Кез келген трюкте жарақат алып қалу ықтималдығы бар. Дегенмен біз жарақат алмау үшін трюктерді таза істеп, репетиция жасаймыз. Арнайы уақыт бөлеміз. Ойластырамыз, ақылдасамыз, көреміз. Содан кейін барып кірісеміз.
«Nomad Stunts» каскадерлар тобы ұстанатын басты қағида ол – тәртіп пен кәсібилік. Сондықтан болса керек жігіттер әлемдік киноиндустрияның орталығы – Голлувдтың танымал киокартиналарында дублер және каскадер қызметін атқарып жүр. Уолт Дисней студиясының «Мулан» туындысы, осы жылы жарық көрген «Наполеон» фильмі, танымал АҚШ пен Канаданың біріккен жобасы «Жауынгер» телесериалы сөзімізге айқын дәлел. Отандық «Томирис» фильміне де қатысып каскадерлердің оскары «Таурус» сыйлығын да жеңіп алған еді.

Бұдан бөлек,  қазақстандық каскадерлар Үндістанда да жаңа фильмге қатысып жатыр. Онымен қоса Алматыдағы жаңа отбасылық комедияға дайындық үстінде. Фильм 2024 жылдың басында кинопрақатқа шығады деп жоспарланған. Отбасылық комедия келесі жылдың басты премьерасы болайын деп тұр.


Нұрсұлтан Тілектес
Бөлісу