Көкшетауда қатты аяздан газ қатып жатыр
Көкшетау қаласында қатты аяздың кесірінен тұрғын үйлерге берілетін газ қатып қалып жатыр. Шаһар тұрғындары бірнеше күн қатарынан көгілдір отынсыз отыруға мәжбүр. Сала мамандары бұған газдың құрамындағы бутан мен пропанның қатты аяздың кесірінен мүлдем буланбайтыны себеп, - дейді. Күн күрт суытқалы апаттық-диспетчерлік орталықтың қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олар күніне отызға жуық шақыртуға барады. Қазір өңірде ауа температуарасы 37-38 градусқа дейін төмендеген.
Батыр Әшіров, газ таратушы компанияның директоры:
Егер де күн күрт суып, -43 градусқа дейін аяз сезілсе, газ буланбай, сұйық күйінде қалады. Салдарынан тұтынушыларға көгілдір отын жетпейді. Біз тұрғындарды газбен уақытылы қамтамасыз ету үшін қолымыздан келгеннің барлығын істеп жатырмыз. Бізге хабарласып, шағымданса, аталған мекен жайға бірден жұмыс тобын жібереміз. Қазір жағдайды бақылап отырмыз.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания Әлем чемпионы атанды
20.07.2026, 20:28
БҚО-да автогаз толтыру компрессорлық стансасы салынды
20.07.2026, 20:18
Шымкентте аптапта тағам арқылы таралатын инфекция көбейді
20.07.2026, 20:15
«Алматы – Бішкек» халықаралық автожолы кеңейтіледі
20.07.2026, 20:14
АҚШ-та шетелдік студенттер мен журналистерге талап күшейтілді
20.07.2026, 20:12
Еуропа одағы AliExpress компаниясына рекордтық 550 миллион еуро айыппұл салды
20.07.2026, 20:11
Зейнетақы реформасы: 2027 жылдан бастап инфляция айырмасын өтеу бағдарламасы оңтайландырылады
20.07.2026, 20:10
Аллергияға шалдыққандар қатары 1,5 есе өсті
20.07.2026, 20:08