Алматыда лауазымды тұлғалар ақыл-есі кем адамдардың мүлкіне қол сұққан
Алматыда психикалық ауруға шалдыққандардың баспанасын бейтаныс адамдар тартып алмақ болған. Тіпті, біреуінің пәтерін өз атына рәсімдеп, өзгеге сатуға бекінген. Медеу аудандық прокуратурасының дерегінше, психикасының бұзылуынан немесе басқа да аурулардан зардап шегетін, қандай да бір әрекетке қауқарсыз 423 адам анықталған. Олардың арасында 10, тіпті 20 жыл бойы заңды өкілі болмағандар бар. Прокурорлар бұған қамқоршылық органдардың 7 бірдей лауазымды тұлғасын айыптап отыр.
Нұрсұлтан Жеделбай, Алматы қаласы прокуратурасының ресми өкілі:
Әрекетке қабілетсіз адамның мүлкіне тыйым салынбағаны анықталды. Уақытында тыйым салынбағанның кесірінен ресімді азаматтың жалғыз пәтерін бөгде адамдар арқылы өсиет жасау арқылы тартып алу әрекетіне әкеп соқты. Медеу ауданының ұсынысы бойынша қорғаншы және қомқоршы органдардың 7 лауазымды тұлғасы жіберген бұзушылықтары бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданды.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01