Тұрмыстық зорлық-зомбылық: 50 мың адам әкімшілік жазаға тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: 50 мың адам әкімшілік жазаға тартылды

30.11.2023

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты істердің басым бөлігі тараптардың татуласуымен аяқталады. Салдарынан кінәлі жазадан құтылып, іс қысқарады. Сондықтан, заңнан «татуласу», «ескерту» деген тармағын алып тастау керек. Бүгін жоғарғы сотта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты өткен кеңесте осындай ұсыныс айтылды. Жиынға судьялармен қатар, Бас прокуратура, ішкі істер министрлігінің басшылығы қатысты. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, жылда кемінде 80 әйел жұбайының қолынан көз жұмады. Биыл 10 айда 50 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жиналғандар отбасының шырқын бұзатындардың ісі жедел қаралу қажет деп санайды.

Әбдірашид Жүкенов, Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағандарға қамауды көбейту керек.Бүгін 30 күнге дейін қамауға алуға болады. Оны одан да көбейтуге болады.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу