Хостелдегі өрт: Көз жұмған 13 адамның төртеуі шетел азаматтары
Хостелдегі өрттен қаза болғандардың жақындары қазір сот сараптамалық орталығына келді. Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде 13 адам көз жұмды. Алматы полициясының дерегінше, төртеуі өзге елдің азаматы, қалғаны Қазақстан азаматтары. Өрттен зардап шеккен тағы 4 адам ауруханаға жеткізілген.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Қаза болған 13 азаматтың денесі қазір сот сараптамалық орталығына жеткізілді. Алматы қаласы полиция департаменті жаңа ғана қайтыс болғандардың 9-ы қазақстандық, екеуі Ресей, екеуі Өзбекстан азаматы екенін анықтады. Қазір кей ақпарат көздері қайтыс болғандардың ішінде 15 жастағы жасөспірім де бар екенін айтып жатыр. Туыстары қазір сот сараптамалық орталық алдына іздеп келіпті.
Қазір бұл маңда полицейлер де жүр. Туыстарын іздеп келген азаматтарға психологиялық көмек беруге мамандар да келген. Айта кету керек, қайтыс болғандардың бәрі ер азаматтар, жасы 25 пен 30 аралығында. Ал зардап шеккен 4 азамат қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілген. Үшеуі Қазақстан, ал біреуі Үндістан азаматы.
Ем-дом алып жатқан 1996 жылы туылған Қазақстан азаматы. Дәрігерлердің сөзінше, оның толықтай айығуына 5-6 күн керек. Тағы екі науқас амбулаториялық ем алуға жіберілді.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22