Депутат: Елдегі бөгеттер мен арналарды цифрландыру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат: Елдегі бөгеттер мен арналарды цифрландыру керек

21.11.2023

Қазақстанда алқаптарды суару үшін қолданылатын судың 56 пайызы өзге мемлекеттерден алынады. Соның өзінде елімізде тіршілік нәрі тапшы. Бұл туралы Алматыда Мәжіліс депутаттары және аграрлық сала мамандарының қатысуымен өткен жиында айтылды. Олар елдегі суармалы жерлердің көлемін 1 млн гектарға ұлғайту керек дейді. Су жеткізу үшін ел ішінде Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қолданылмай қалған құдықтарды қайта іске қосып, жер асты суларын пайдалану керек деп отыр. Сондай-ақ құдықтар мен су жиналатын бөгеттер, арналардың деректері түгел цифрландырылмақ. Бұл тіршілік нәрінің қайда, қанша көлемде кетіп жатқанын бақылауға мүмкіндік беріп, оны үнемдеуге сеп болады.

Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Аустралия мемлекетінде дәл біздікіндей сұрақ тұрған су мәселесі бойынша. Олар өздерінің каналдарын, су бөгеттерін цифрландырып, суды тиімді қолданылу көрсеткіші 40 пайызға дейін ұлғайды. Сондықтан, біздің жолымыз осы.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу