Ақмола облысында 46 ауыл жарықсыз қалған
Ақмола облысында ауа-райының қолайсыздығынан 50-ге жуық елді мекеннің тұрғындары жарықсыз қалған. Өңірде өткен сенбі күні қар аралас жаңбыр жауып, дауыл тұрған.
Ұмсындық Наурызбаева, тілші:
Қазір өңірде дауыл басылған. Әкімдіктің айтуынша, электр сымдары жөнделіп, тұтынушылар толығымен жарыққа қосылды. Өткен сенбі күні қар аралас жаңбыр мен қатты желдің кесірінен Зеренді ауданында 8 мыңға жуық абонент электр энергиясыз қалған. Бұдан бөлек, Көкшетау қаласында 47 үй мен облыс орталығының іргесінде орналасқан Красный-Яр елдімекенінде 100-ден астам тұрғын жарықсыз қалған. Қосшы қаласында да электр сымдары үзілген. Көлік қозғалысы қиындап, бірқатар нысандардың шатыры құлаған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бірнеше адам түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен. Әзірге желден келген шығын көлемі есептеліп жатыр.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00