Оралда тұрғын үйге тиіп тұрған мал қорымы анықталды
Оралда тұрғын үйден 15 метр жерде орналасқан Сібір жарасымен ауырған малдың қорымы анықталды. Оған небәрі 100 метр қашықтықта Деркөл кенті әкімдігінің ғимараты тұр. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы мәлімдеді. Жалпы, облыс аумағында Сібір жарасымен ауырған мал көмілген 222 орын бар. Солардың 117-сі талапқа сай келмейді.
2017 жылдан бері қоршауға не жөндеуге бюджеттен бір тиын да бөлінбеген. Сырым ауданындағы 32 қорымда қоршау да, ескерту жазуы да жоқ. Санитариялық-эпидемиологиялық талапқа сәйкес, Сібір жарасы тіркелген мал қорымы I дәрежелі қауіпті нысанға жатады. Санитариялық қорғау аумағы кемінде 1000 м болуы тиіс.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
М.Өтекешеваның халықаралық театр фестивалі басталды
02.10.2026, 17:38
Азиада: Таеквондодан 1 алтын
02.10.2026, 17:36
Азиада: Қоржында қос алтын
02.10.2026, 17:35
Қызылорда ұстаздары оқу бағдарламасына ЖИ енгізуге ынталы
02.10.2026, 17:30
Ақмола облысында 16-вокзал жаңартылды
02.10.2026, 17:27
Астанада травматолог-ортопедтердің халықаралық конгресі өтіп жатыр
02.10.2026, 17:24
Маңғыстауда онкология мен қант диабетінің көрсеткіші өскен
02.10.2026, 17:22
Ауылдарда медициналық мекемелер ашылып жатыр
02.10.2026, 17:20