Басты Жаңалықтар Астанада травматолог-ортопедтердің халықаралық конгресі өтіп жатыр

Астанада травматолог-ортопедтердің халықаралық конгресі өтіп жатыр

Елордада алғаш рет травматология мен ортопедия саласындағы  MAASOT-2026 халықаралық конгресі өтіп жатыр. Жиынға  Азия кеңесіне мүше мемлекеттерден жетекші травматолог-ортопед ғалымдар, медицина ұйымдарының басшылары мен осы саланың мамандары келген. Екі күнге жоспарланған іс-шараның басты тақырыбы – ортопедиядағы қолданбалы ғылымның жаңа жетістіктерін ғылыми зерттеулерден клиникалық тәжірибеге енгізу. Сондай-ақ науқасты емдеу ісінде биомеханика, робототехника мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану жайын талқылайды.  Конгреске орай Қазақстан мен Орталық Азияда травматология және ортопедия саласына арналған медициналық техника шығаратын алғашқы зауыт іске қосылмақ. 

Ерсін Жүнісов, Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми өндірістік орталығының бас директоры:

Медицина дәл қазір бөлек, жеке өзі дами алмайды. Медицина цифрлы технологиямен, жасанды интелектімен дамиды. ЖИ, цифрлық технология деп айтамыз. Ал дәрігер оны білмесе, қалай іске асырады? Сол секциялық отырыстарда Қытай, Түркия, Еуропа, АҚШ, Германия сол мемлекеттерді тәжірибе алмасады.


Бөлісу