Басты Жаңалықтар М.Өтекешеваның халықаралық театр фестивалі басталды

М.Өтекешеваның халықаралық театр фестивалі басталды

Қазақтың Қыз Жібегі Меруерт Өтекешеваның 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды. 1-7 қазан аралығында өтетін өнер додасына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстанның театр ұжымдары қатысады Фестиваль аясында көрермен назарына драма, музыкалық спектакль, перформанс, хорео-драма және заманауи театр бағытындағы қойылымдар ұсынылады. Бағдарламада «Қыз Жібек», «Томирис», «Анна Каренина», «Жәмила», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Ұлпан», «Шәкәрім» секілді спектакльдер бар. Фестивальдің басты мақсаты – Меруерт Өтекешеваның шығармашылық мұрасын ұлықтап, ұлттық театр өнерін халықаралық деңгейде насихаттау. Сонымен қатар шетелдік және отандық театр мамандарының тәжірибе алмасу. Ал 7 қазанда «Меруерт Өтекешеваның шығармашылық мұрасы: қазіргі театр өнеріндегі сабақтастық пен жаңашылдық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциямен жалғасып, фестиваль қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталады.

Меруерт Өтекешева, Қазақстанның халық артисі:
Менің үлкен қуанышым – осы фестивальде Қазақстанның қаншама театрлары келеді. Өз өнерін көрсетуге. Мен соған қуанып жатырмын. Жалпы Өзбекстаннан келеді. Қырғызстан, Әзербайжан, қараңызшы, қаншама театрлар. Жалпы 16 спектакль көрсетеді.


Бөлісу