Басты Жаңалықтар Ақмола облысында 16-вокзал жаңартылды

Ақмола облысында 16-вокзал жаңартылды

Көкшетауда жаңартылған теміржол вокзалы техникалық режимде ашылды. Бұл Ақмола облысында күрделі жөндеуден өткен 16-вокзал. Теміржол инфрақұрылымын жаңарту аясында өңірдегі 9 вокзал жаңадан салынды.

Көкшетау сияқты курортты аймақтың орталығы үшін теміржол вокзалының жаңартылуы өте маңызды. Сондықтан оның техникалық ашылуының өзі тұрғындар үшін үлкен мерекеге айналды. 45 жыл бұрын салынған ғимараттың қасбетінің жаңа эскизін халықтың өзі таңдаған. Бүгінде ғимараттың қасбетімен бірге ішкі бөлмелері жаңартылып, жолаушыларға арналған инфрақұрылым түбегейлі өзгерді.

Роза Арыстанқызы, Көкшетау теміржол вокзалының басшысы:
Осы күрделі жұмыстан кейін 6 эскалатор болады, 4 лифт, екі мүгедектерге арналған лифт болады және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы бөлмелер болады. Осы қараша айында толық вокзал жұмысы бітеді. Қазіргі кезде бізде конкорсный переход жасалып жатыр.
1981 жылы салынған стратегиялық нысан 23 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Бүгінде нысанның кіреберіс тораптарынан бастап, баспалдақтар мен инженерлік жүйелер жаңартылды. Ал платформаға тікелей апаратын конкорс өткелі жаңадан салынып жатыр. Бұл жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.

Жексенбай Дүйсебаев, Ақмола облысының құрметті азаматы:

Шойын жол вокзалы жаңартылып, жаңа көрікке, жаңа қалыпқа, жаңа дәстүр бойынша заманауи шойын жол вокзалы бүгін ашылып отыр. Бүгінгі өзгертілген вокзалда керемет, ғажайып жаңдай жасалған. Эскалаторлар да бар, терминалдарыңыз да бар, шығып, кіріп отыратыны бар.


Бөлісу