Басты Жаңалықтар Азиада: Таеквондодан 1 алтын

Азиада: Таеквондодан 1 алтын

20 жастағы таеквондошы Тамирлан Тілеулес 58 келіге дейінгі салмақта Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол финалға дейін Оман, Иран және Оңтүстік Корея спортшыларынан басым түскен еді. Шешуші жекпе-жекте Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті. Тілеулес қарсыласын 2:0 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді. Бұл – Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы 12-ші алтыны.


Бөлісу