Балық өнімдері әлемнің 21 еліне экспортталып жатыр
Қазақстанның балық өнімдері әлемнің 21 еліне экспортталып жатыр. Тек осы жылдың басынан бері елімізден 15,6 мың тонна балық сыртқа сатылды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.
Үкімет 2021 жылғы сәуірде балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдаған. Оның аясында 2030 жылға қарай 270 мың тонна балық өсіру, ішкі тұтынуды жылына 134 мың тоннаға дейін ұлғайту және балықтың табиғи популяциясын 7 пайызға арттыру көзделіп отыр.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
Бағдарлама шеңберінде қабылданған шаралардың нәтижесінде саладағы бизнестің іскерлік белсенділігінің өсуі байқалады. Мәселен 2020 жылмен салыстырғанда балық өсіру шаруашылығының саны 2 есе артып, 383-ке жетті. Балық өсіру 9 мың тоннадан 19 мың тоннаға дейін өсті.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25