Мәжіліс төрағасы Өзбекстан президентімен кездесті
Қазақстан мен Өзбекстан арасында сауда – экономикалық байланыс артып, өндірістік кооперацияны дамыту ісі қолға алынады. Бастамаға екі елдің заң шығарушы органдары да белсенді атсалысып келеді. Бұл туралы Ташкентте өткен екі мемлекеттің парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысында айтылды. Оған мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен бір топ депутат, сондай-ақ, мәжілістің өкілдері қатысты. Палата спикері Өзбекстан Қазақстанның аймақтағы ең ірі экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Орталық Азия елдерімен тауар айналымы жалпы көлемінің 62 пайыздан астамы осы елге тиесілі.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Біздің президенттеріміз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің жеке келісімінің арқасында екі елдің ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді. Бұл – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі. Ал мемлекет басшылары барлық келісімнің жоғары деңгейде уақтылы әрі дұрыс орындалуына парламенттік бақылау жасауды Парламентаралық ынтымақтастық кеңесіне жүктеді.
Мәжіліс төрағасы өзбек басшысымен кездесті
Сапар аясында Мәжіліс төрағасы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, елдегі іргелі өзгерістер туралы айтты. Өзбекстан басшысына Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысының қорытындылары мен екі ел парламенттері арасындағы өзара іс-әрекеттің қазіргі жағдайы туралы да мәлімет берді.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49