Инвесторлардың құқығы қорғалды
Елімізде 30-ға жуық инвестордың құқығы қорғалды. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі хабарлады.Оның айтуынша мемлекет басшысының тапсырмасымен маңызды инвестициялық жобалардың іске асуына бақылау жүргізіліп келеді. Өйткені инвесторларға қысым көрсету, бюрократия секілді түйіткілді мәселе көп. Нәтижесінде маңызды жобалар созбалаңға салынып кетеді. Прокуратура қызметкерлері қазір 27 бизнесменнің құқығын қорғап, тағы 900 жобаны зерделеп жатыр.
Дархан Дүйсембай, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:
Ірі инвесторлармен, заң және консалтингтік фирмалармен кездесулер өткізілуде.Негізгі мақсат – әрбір инвестор үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету және бизнестің қауіпсіздік кепілдігін арттыру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00
Таразда бес елдің дизайнерлері қатысатын халықаралық сән фестивалі өтіп жатыр
21.11.2026, 14:44
Талдықорғанда Креативті орталық ашылып, жаңа музей салынады
21.11.2026, 11:24
101 мектептің құрылысы жүріп жатыр
20.11.2026, 20:32
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
20.11.2026, 20:30
Отбасы құндылығын нығайту – ортақ міндет
20.11.2026, 20:26
Көгілдір отын ауыл халқының тірлігін жеңілдетті
20.11.2026, 20:25