Орталық Азия елдері мен Қытай арасында сауда айналымы 2 есе артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия елдері мен Қытай арасында сауда айналымы 2 есе артты

18.10.2023

«Бір белдеу - бір жол» жобасының жүзеге аса бастағанына 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында Орта Азия елдері мен Қытай арасында сауда айналымы 2 есе артып, 2 триллион доллардан асты. Жыл сайынғы өсім 8 пайыздың айналасында. Мұнан бөлек инвестициялар көлемі 270 миллиард долларға жеткен. Ташкенттегі Орталық Азия халықаралық институтында өткен жиында маңызды жобаны келешекте одан әрі дамыту жолдары талқыланды. «Бір белдеу- бір жол» жобасын құру идеясы 2013 жылы қазан айында Қытай басшысы Си Цзинпиннің Астанаға ресми сапары барысында көтерілген еді. Дөңгелек үстелге жиналған бірнеше мемлекеттің елшілері, шетелдік сарапшылар мен ғалымдар мұны айрықша атап өтті

Шавкат Алимбеков, Орталық Азия халықаралық институтының ғылыми қызметкері, сарапшы:

Әсіресе цифрлық технологияларды қолдану бойынша бірлескен жобалар маңызды. Қытай осы бағытта әлемдік көшбасшы, мұнда 80 нен астам жоғары технологиялар паркі бар. Цифрлық дамуды белсенді түрде қолға алған Орталық Азия елдері үшін бұл жоба аясында бірлесе жұмыс істеу үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу