«Кітап-тарих, кітап–қазына» атты көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кітап-тарих, кітап–қазына» атты көрме өтті

16.03.2016
«Кітап-тарих, кітап–қазына» атты   көрме өтті
«Кітап-тарих, кітап–қазына» атты   көрме өтті

Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ұлттық академиялық кітапханада «Кітап дәуір айнасы» атты ашық есік күні болып өтті. Шара аясында ашылған «Кітап-тарих, кітап–қазына» атты сирек кітаптар мен қолжазбалар қойылған көрмесіне Құран топтамалары, араб, латын, шағатай, түрік таңбаларымен, кирилицамен жазылған қазақ тіліндегі кітаптар ұсынылды.

Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсыновтың «40 мысалы», «Әліпбиі», Мұхтар Әуезовтің «Абай» романы, парсы тіліндегі өлеңдер жинақтары да келушілерді аса қызықтырды. Он екі жылдық тарихы бар Ұлттық академиялық кітапхана бүгінгі күнге дейін 12000 мыңнан астам сирек кездесетін, асыл қазыналы дереккөздер мен кітаптар қорын жинаған. Ал, жақында ғана Ұлыбританияның Ұлттық кітапханасында Сұлтан Бейбарыстың 7 томдық алтын жіппен жазылған Құран Кәрімі табылыпты. Көне жәдігерді елге қайтару мүмкін болмаса да, екі ел арасында электрондық көшірмесін алу жайында келіссөздер жүріп жатса керек.

Бүгінгі таңда кітапхана қорында миллион жарым кітап болса, соның ең бағалы, құнды деген кітаптар, орта ғасырлардың кітаптары көрмеге қойылған. Атап өтсек, құнды тарту залына көне кітаптардың бірі – 6 ғасырдағы Қытай әскер қолбасшыларының әскери жүріс тактикасы, 8 ғасырдан, яғни Қарахан әулетінен бастап 15 ғасырға дейін, 7 ғасыр бойы бойы жазылған Құран тәпсірі қойылған.

«Кітап-тарих, кітап–қазына» атты   көрме өтті
Суреттегі кітап 1734 жылы жарық көрген. Әлемде бұл кітаптың небәрі 3 данасы ғана бар. Олардың бірі Лувр мұражайында болса, біреуі жеке коллекцияда, ал осы үшінші нұсқа Ұлттық академиялық кітапханада тұр. Толығырақ Kaznews-тің кешкі жаңалықтарынан көріңіздер


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу