Оралда жолақы қымбаттауы мүмкін
Оралда жолақы 120 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Қала әкімдігі қоғамдық көліктегі тариф құнын көтеру туралы арнайы порталға құжат жариялады. Қазір автобуста билет бағасы электронды түрде - 80 теңге, қолма-қол ақшамен - 150 теңге. Бұл жаңалыққа тұрғындардың дені қарсылық білдірді.
Ал әкімдіктегілер жолақыны көтеру амалсыздан жасалған қадам дейді. Шаһарда жолаушы тасымалдайтын 6 кәсіпорын бар. Соңғы алты жылда оларға берілетін субсидия 5 млрд теңгеге жеткен. Бірақ бұл қаражат тасымалдаушылардың шығынын жаппайды екен.
Асқар Кулбаев, қала әкімінің орынбасары:
Бастапқыда біз бағаны 150 теңгеге дейін өсіруді ұсынғымыз келді. Бірақ әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескеріп, жолақыны 120 теңгеге дейін көтеруді ұсынып отырмыз. Себебі, тасымалдаушы кәсіпорындардың шығыны көп, жанармай қымбаттады, жүргізуші жетіспейді, қысқа дайындық нашар. Егер баға өссе, бұл мәселелер біртіндеп шешіледі.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
100-ге жуық тарихи нысан тазаланды
13.11.2026, 10:11
Жолдаудағы міндеттер: Тұрғындар не дейді?
13.11.2026, 10:09
«Есірткісіз болашақ» форумы өтті
13.11.2026, 10:06
Қоғамдық бақылау күшейеді
13.11.2026, 10:05
Украинаға қатысты жаңа келіссөз келесі аптада өтуі мүмкін
13.11.2026, 10:05
Вашингтондағы атыстан 1 адам қаза тапты
13.11.2026, 10:05
7 жылда 1200-ден астам медицина нысаны салынған
13.11.2026, 10:04
Емханалардағы өзекті мәселелер халықаралық конгресте талқыланды
13.11.2026, 10:02