Жеңіл атлеттер каноэде ескек есушілердің нәтижесін қайталай алмады. Сырықпен секіруден ел намысын қорғаған Анастасия Ермакова жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Оның нәтижесі 4 метр 10 сантиметр. Ал 3000 метрге жүгіруде бақ сынаған Дейзи Джепкемейде медаль алады деген үміт болған. Алайда, қазақстандық желаяқ мәре сызығын бесінші болып кесіп, жүлдесіз қалды. Алтын Бахрейн, күміс пен қола Үндістан спортшыларына бұйырды.
200 метрге жүгіруде финалға шыққан отандасымыз Ольга Сафранова төрінші орынға ие болды. Сингапур өкілі чемпион болса, Қытай екінші орын алды. Бахрейндік желаяқ қоланы қанағат тұтты.
Жарыс күнін 400 метрге аралас эстафетада бақ сынаған спортшылар түйіндеді. Қазақстандық жеңіл атлеттер мәре сызығын төртінші болып кесті. Бұл сында Бахрей спортшылары алтын, Шриланка күміс, қола Үндістандықтарға бұйырды.