Еуропа сарапшылары Жолдауды қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа сарапшылары Жолдауды қолдайды

27.09.2023

Атом электр станциясын салу туралы жалпыхалықтық референдум өткізу ұтымды шешім. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауымен жіті танысқан Еуропа сарапшылары осылай дейді. «Дипломатиялық әлем» басылымының жоба жетекшісінің пайымынша, атом энергетикасын дамыту елдің көміртектен арылып, жасыл экономикаға көшуіне септігін тигізеді. Сарапшы Жолдауда суды, тоқты үнемдеу, экологиялық проблемалармен күреске басымдық берілуі құптарлық дейді. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлікті, отандық өнімді қолдау, Азия мен Еуропаны байланыстыру үшін жаңа көлік дәліздерін дамыту Қазақстанның жаңа экономикалық модельге көшуін жеделдететінін айтады.

Альберто Тюркстра, «Дипломатиялық әлем» басылымының жоба жетекшісі:

Ғаламдық ахуалды бағамдай отырып, Қазақстан ұлттық әлеуетті толық пайдаланып, технологиялық инновацияны күшейту, әлемдік сауда нарығында бәсекелестікті арттыруға басымдық бермек. Жасыл энергияны дамытуға күш салған Еуропа елдері қазір қазақтың уранына, шикізатына зәру. Соны қарт құрлыққа көптеп жеткізу экономикалық өсімді еселей түсері сөзсіз.


Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу