Басты Жаңалықтар Қазақстанда Австрияның 400-ден астам компаниясы жұмыс істейді

Қазақстанда Австрияның 400-ден астам компаниясы жұмыс істейді

Қазақстанда Австрияның 400-ден астам компаниясы жұмыс істейді. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты өсім көрсетті. Былтыр тауар айналым 6,5%-ға артып, 300 млн АҚШ долларына жетті. Бұл жөнінде Қазақстан мен Австрия өкілдерінің кездесуінде мәлім болды. Еліміздің Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Астанаға ресми сапармен келген Австрияның Еуропалық және халықаралық істер федералдық министрі Беате Майнль-Райзингерді қабылдады. Тараптар қазақ-австрия әріптестігіне жаңа серпін беріп, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы істер министрі:

Аустрия тарапының ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимыл аясында Астана халықаралық әуежайында 25 дана паспорт оқу құрылғысын табыстайтынын ерекше атап өткім келеді.

Беате Майнль-Райзингер, Австрия республикасының Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федералдық министрі:

Біздің ынтымақтастығымыз өте жақсы бағытта дамып келеді. Ал менің Ішкі істер министрімен бірге Қазақстанға келуім Австрияның екіжақты қатынастарды қаншалықты жоғары бағалайтынын көрсетеді.  


Бөлісу