Басты Жаңалықтар Егін науқаны қыза түсті

Егін науқаны қыза түсті

Абай облысы Үржар ауданында егін егу науқаны қызу жүріп жатыр. Қазірдің өзінде шаруалар 50 мың гектардан аса алқапқа тұқым сеуіп үлгерді. Аудан қауын-қарбызды да мол өсіретін өңір. Биыл 1300 гектарға бақша салынған. Өткен жылы Үржар ауданында шамамен 140 мың тонна көлемінде дәнді  және майлы дақылдар жиналған еді. Мамандар көктемгі ауа райының қолайлы болуын есепке алсақ, биыл өнім көлемі еселеп артады-деп болжайды.

Денис Левченко - аудандағы тәжірибелі диқан. Иелігінде 3 жарым мың гектар жер бар. Бидай мен майлы дақылдар егеді. Жыл сайын шаруашылығы дамып келе жатыр. Жаңа техника алып, егін егудегі тың тәсілдерді меңгерген.

Денис Левченко, Диқан:

Осы жылда көктем тез келді. Қар тез кетті. Бес күн бұрын қатты жаңбыр өткен болатын. Енді қазір условиясы жақсы болып тұр. Біз бидайды егіп бастадық.  

Ал Елтай ауылының тұрғыны Ораш Жұмашев көктемгі науқанды тіптен ерте бастады. Шаруаның қос жылыжайы бар. Қауын мен қарбыз көшеттерін күн жылт еткеннен бастап өсіріп, кейін ашық алқапқа егеді. Қазір жылыжайда 30-35 мыңға жуық қауын-қарбыз өскіндері жайқалып тұр.

Ораш Жұмашев, Диқан:

Бір гектарға 7 мың түп кетеді. Қарбызымыз бар, діңкеміз бар, қиярымыз бар. Жүгері егеміз азын-аулақ осы Үржар көлемінде сататындай. Бұның тиімділігі бір ай кішкене алдыда жүреміз. Былай еккеннен қарағанда сол жағынан тиімді. 

Жалпы Үржар өңірдегі егін шаруашылығы ерекше дамыған аудан. Мыңға жуық шаруа қожалығы жер өңдейді. Биылғы 14 мың гектарға дән себілген.

Ерзат Болатов, Үржар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Кең дала 2 бағдарламасы бар. Бұл енді тікелей бес пайызбен көктемгі және күзгі егін жұмыстарына арналған жеңілдетілген несие бар. Бұл бойынша шаруа қожалықтары бес пайызбен несие алып, жанар-жағармайын, тұқымын алады. Тыңайтқыштарын алады, жұмысшыларының еңбекақысын төлеу секілді бағыттарға қолданып жатыр кеңінен.  

Жалпы Абай облысы бойынша шамамен 700 мың гектар алқап иегрілмек. Жыл сайын өңір Қытай, Өзбекстан мен Орта Азия елдеріне 200 мың тоннаға дейін  өнім экспорттайды.

Бөлісу