Стенд ату: Қоржында – алғашқы алтын медаль
Көк байрақты желбіреткен қуанышты жаңалық! Қазақстан құрамасы стенд атудан Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы медалін қанжығасына байлады. Ел намысын қорғаған Әсем Орынбай әлем рекордын қайталап, Алтын медаль жеңіп алды. Жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген жерлесіміз 33 ұпай жинап, әйелдер арасындағы «скит» жаттығуында топ жарды. Осы көрсеткіш арқылы ол биыл ұлттық құрамадағы әріптесі Адель Садақбаева тіркеген әлем рекордын қайталады. Күміс жүлде қытайлық Итин Цзян еншісіне бұйырса, ал италиялық Мартина Бартоломей 27 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейін, стенд атудан Әлем кубогы 10 мамырға дейін жалғасады. Жарысқа 43 елден келген 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр
Әсем Орынбай, Стенд атудан әлем кубогының жеңімпазы:
Шыны керек, үйде атқан өте қиын, өйткені, жанкүйерлер қарап отыр, олар жүлде күтеді, алтын жүлде күтеді. Бірақ солардың көмегінің арқасында жеңдім деп ойлаймын.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17