Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында егін түсімі еке есеге төмен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында егін түсімі еке есеге төмен

26.09.2023

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында егіннің түсімі жылдағыдан екі есе төмен. Шаруалар оған жаздың ыстық, күздің жаңбырлы болуы себеп дейді.

Жалпы, аудан бойынша 115 мың гектар алқапқа дән себілген. Оның басым бөлігіне дәнді-дақыл, 11 мың 500 гектарына майлы дақыл, 22 мыңына мал азығы егілді. Жиын-терім жұмыстары жаңбырға байланысты бір аптадан бері іркіліп қалған еді. Қазір 32 шаруашылықта егін орылып жатыр. Орташа түсім гектарынан 7,4 центнер. Барлық жұмыс ай соңына дейін аяқталуы тиіс. Шаруа қожалықтары жеңілдетілген жанар-жағар маймен қамтылған.

Бақытжан Мүлкаев, аудандық Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Әлі жер ылғалдау, дегенмен жұмыс басталып жатыр. Бұйырса, ай соңына дейін 115 мың тонна алқапты жинап, қамбаға құямыз деген жоспар бар. Жалпы орта өнімділік 8,8 центер беріп тұр гектарынан. 


Хабарламаларға жазылу