Ақтөбе облысы 17 ауылға әлі жарық берілген жоқ
Ақтөбе облысында 17 ауыл төртінші тәулік жарықсыз отыр. Кешелі бері электр сымдары үзіліп, бағаналары құлаған 40 елдімекеннің тек, 23-інде жөндеу жұмыстары аяқталған.
Қазір алты ауданда жұмыс жалғасып жатыр. Әйтеке би, Қобда аудандарында 1 ауылда, Мәртөк пен Хромтауда 5, Ырғызда 3, Шалқардың 2 елдімекенінде жарық жоқ. Ал, Ресейдің Орынбор облысы аумағындағы ақаулар толығымен жойылған. Нәтижесінде, бұған дейін 20 ауыл электр энергиясыз қалған Мәртөк ауданында жағдай реттеліп келеді. Қазір мамандар бес ауылда жұмыс істеп жатыр. Жауаптылар, өзге аудандарда жөндеу жұмыстары ертең де жалғасуы мүмкін дейді.
Аслан Айтмағамбетов, Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары:
Ремонттық жұмыстар жүргізіліп жатыр.Бағаналар қойылып жатыр және сымдары қойылып жатыр.қазіргі таңда осы жұмыстары аяқталғаннан кейін осы 5 ауылға жарық берілетін болады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07