Құрманғазы атындағы оркестр 80 жылдық мерейтойын Ақтөбе облысына гастрольдік сапармен атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрманғазы атындағы оркестр 80 жылдық мерейтойын Ақтөбе облысына гастрольдік сапармен атап өтті

22.09.2014
Құрманғазы атындағы оркестр 80 жылдық мерейтойын Ақтөбе облысына гастрольдік сапармен атап өтті

Ақтөбе облысына гастрольдік сапармен Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі келді. Бүгін оркестр мүшелері облыстық филармонияның жанына жиналып, Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

Ахмет Жұбанов алғашқы қазақ оркестрін құрған өнер иесі.

«Біз оркестріміздің негізін қалаушының туған жеріне келіп, Ахмет Жұбановты еске алуды парызымыз деп санадық. Осы жазда біз гастрольдік сапармен АҚШ-та болдық және біз шетелдік көрермендерді қазақтың халық музыкасымен таң қалдырғанымызға қуныштымыз. Қараша айында Алматыда біздің мерейтойлық концертіміз өтеді», - дейді Құрманғазы атындағы оркестрдің директоры Нұрғиса Дәуешов.

Оркестр концертімен Мұғалжар ауданында болды. Бүгін кешке Ақтөбедегі Жастар сарайында да концерт өтеді. Одан кейінгі концерттер Ақтөбе облысының Мәртөк, Ойыл, Қобда аудандарында болады, кейін оркестр гастрольдік сапармен Маңғыстау облысына барады.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу