Ақтөбеде жиналған егіннің 30 пайызы жарамсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жиналған егіннің 30 пайызы жарамсыз

27.09.2014
Ақтөбеде жиналған егіннің 30 пайызы жарамсыз

Ақтөбе облысында егін орағы аяқталуға жақын. Алайда, шаруалардың есіл еңбектері ақталмайтын түрі бар. Гектар түсімі орта есеппен небәрі 4,5 центнерден айналуда.

Көктемнен бергі тынымсыз есіл еңбектің көбі далаға кетіп, 130 мың гектар аумақтағы егін жарамсыз болып шыққан.

Әйтеке би, Хромтау, Қобда және Алға аудандарына жаз бойы бір тамшы жаңбыр жаумаған.

Ал, ылғалды аймақтарда әр гектардан 8-10 центнерге дейін өнім алынды.

Ендігі жерде егін шықпайтын аудандарда мал шаруашылығына басымдық берілмек.

 

Әлия ТАЛАСОВА 

Хабарламаларға жазылу