Шығыс Қазақстанда қуаңшылықтан егін түсімі төмен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда қуаңшылықтан егін түсімі төмен

16.09.2020

Биыл Шығыс Қазақстанда егін түсімі жылдағыдан біршама төмен. Оған күн райының қолайсыздығы себеп. Көктемде ұзақ жатқан қалың қар күздік бидайдың көбін шірітіп жіберген. Жаздағы қуаңшылық та кері әсерін тигізбей қоймады. Мұндай жауын-шашынның аз түсуі соңғы рет өңірде осыдан 46 жыл бұрын болған. Былтыр күзде облыстағы қамбаларға барлығы 900 мың тонна астық жиналған. Ал биыл бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен болатын сыңайлы. 

Владимир Гайламазян, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Әсіресе, осыған дейін астықтан мол түсім алып келген өңірлер көп зардап шекті. Олардың қатарында Шемонаиха, Глубокое, Алтай, Қатонқарағай ауданы бар. Диқандар айтарлықтай шығынға ұшырады.


Хабарламаларға жазылу