Астанада халықаралық журналистика мектебі ашылды
Елімізде алғаш рет халықаралық журналистика мектебі ашылды.
Онда бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы тенденцияларына сай, журналистиканың заманауи әдістері оқытылады. Қазірдің өзінде 200-ге жуық студент білім алып жатыр. Пәндер тең қазақ және ағылшын тілдерінде өтеді. Оқу орнында студенттер жаһандық жаңалықтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының теориясын, практика және кәсіби тәжірибесін меңгереді. Профессорлық-оқытушылық құрамында Колумбия мен Кембридж университеттері, Нью-Йорк киноакадемиясы және басқа да шетелдік ғылыми дәреже алған, беделді оқу орындарының мамандары бар. Тағы бір ерекшелігі – оқу мерзімі 3 жыл.
Ерболат Мұхамеджан, Maqsut Narikbayev university басқарма төрағасының орынбасары:
Рефинитиф, блумберг аналитикс ол бірде бір Қазақстанның университеттерінде ашығын айтайын дәл журналистикада оқытылмайды. Яғни біз дата аналитикс дейміз ғой, цифрлармен жұмыс істеу, зерттеуге мән береміз. Сонымен қатар конвергентті журналистика, мысал ВВС, СNN-ды қарасаңыз ол жақта журналист, оператор, монтаж сценарист бір адамның өзінің бойында бүкіл қабілет болады. Біз соған акцент қоятын боламыз.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алакөл жағалауында инфрақұрылым желілері жаңғыртылып жатыр
05.05.2026, 20:59
Егін науқаны қыза түсті
05.05.2026, 20:57
Көпбалалы отбасы алматыдан ауылға қоныс аударды
05.05.2026, 20:55
Алтын орданың ізі: Бір жәдігер – бір дәуір
05.05.2026, 20:53
Стенд ату: Қоржында – алғашқы алтын медаль
05.05.2026, 20:49
Кәсіпорындағы апат: Қаза тапқандардың отбасына 10 жылдық жалақы төленеді
05.05.2026, 20:20
Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту қарқын алды
05.05.2026, 20:18
Қазақстанда Австрияның 400-ден астам компаниясы жұмыс істейді
05.05.2026, 20:11