«Qazaqstan» телеарнасы үздік үштікте: Қазақстандықтардың қай телеарналарды көп көретіні туралы зерттеу нәтижесі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» телеарнасы үздік үштікте: Қазақстандықтардың қай телеарналарды көп көретіні туралы зерттеу нәтижесі жарияланды

19.09.2023
«Qazaqstan» телеарнасы үздік үштікте: Қазақстандықтардың қай телеарналарды көп көретіні туралы зерттеу нәтижесі жарияланды

«Qazaqstan» телеарнасы үздік үштікте: Қазақстандықтардың қай телеарналарды көп көретіні туралы зерттеу нәтижесі жарияланды

Қазақстандық қоғамдық даму институты телевизия және радио контентін тұтыну бойынша әлеуметтанулық сауалнама нәтижесін жариялады. Сауалнама еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар қалаларында жүргізілді. Оған қала және ауылдық елдімекендерде тұратын жасы 18-ден асқан екі мың респондент қатысты.

Зерттеу нәтижесінде тұрғындар арасында еліміздегі ТОП-10 танымал телеарна анықталды. Бірінші орында «КТК» телеарнасы, респонденттердің 35,7% осы телеарнаны таңдаған. Екінші орында «Еуразия бірінші арнасы» (34,7%). «Qazaqstan» телеарнасын 31,6% респондент таңдаған. Тұрғындар бұл арналарды негізінен жаңалықтар, спорттық трансляциялар мен сериалдар көру үшін қосады.

Ал тек қазақтілді аудитория арасындағы сауалнама нәтижесі бойынша, «Qazaqstan» телеарнасы бірінші орында (41,5%), «КТК» (36,6%) арнасы екінші және «Еуразия бірінші арнасы» (36,3%) үшінші орында тұр.


Респонденттердің 56,1%-ы «Qazaqstan» телеарнасын сенімді арна ретінде атаған. Арнаның ең танымал жобаларының қатарында «Aqparat», «Апта», «Таңшолпан», «1001 түн», «Қызық екен» бағдарламалары тұр.

Балалар контентін тұтыну бойынша ең жоғары көрсеткіш «Balapan» телеарнасының үлесінде (36,4%). ТОП-3 танымал балалар арнасының қатарына сондай-ақ «Nickelodeon RU» (10,4%) және «Мульт» (9,2%) телеарналары енді.

Сауалнамада сонымен қоса қазақстандықтардың спорттық трансляцияларды негізгі үш арнадан іздейтіндігі анықталды. Бірінші орында «Qazsport» телеарнасы (39,6%) , екінші орында «Qazaqstan» (18,1%) және үшінші орында «Хабар» (12,2%) арнасы.

Қазақстандықтардың 59,6 пайызы ақпаратты телеарналар арқылы алатынын айтқан. Танымал контент түрлері – жаңалықтар (61,7 %), сериалдар (41,2 %), саяси хабарлар (24, 4%) және ойын-сауықтық жобалар (22, 3%). Жаңалықтарды көру бойынша да үздік үш арнаның қатарында «КТК» (40,3%), «Еуразия бірінші арнасы» (37,5%) және «Qazaqstan» (36,3%) арнасы тұр.

     Жалпы, барлық көрсеткіштер бойынша танымал арналар рейтингіне жоғарыда аталған үш телеарнамен бірге «НТК» мен «31 арна» енді.

    Ал сауалнама нәтижесінде анықталған танымал радиолардың үштігінде «Жұлдыз FM», «Русское радио Азия» және«Қазақ радиосы» бар.

Хабарламаларға жазылу