Құлсарыда кәріз суынан көл пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құлсарыда кәріз суынан көл пайда болды

14.09.2023

Атырау облысы Құлсары қаласындағы «Жылыойсу» мекемесі кәріз суын шаһар маңына рұқсатсыз төгіп келген. Қазір бұл аумақта сасық көл пайда болған. Мұнда төрт-түлік жайылады,сондықтан шаруалар да дабыл қағып отыр. Ауданда кәріз суын тазарту кешені жоқ. Ал жергілікті билік әлі күнге дейін кәріздік-тазарту қондырғысының құрылысын аяқтауға құлықсыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын салына бастаған кешеннің қаңқасы ғана қалқиып тұр.

Нұрлан Жахин, Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Сарқынды сулардың рұқсатсыз төгілуі департамент қызметкерлері мен жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында анықталған болатын. Жылыой аудандық сотының қаулысымен «Жылыойсу» мекемесі 274 млн теңгеден астам айыппұл төлеу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу