«Ақтөбе-2» тарихи тұрағына экспедициялық қазба жұмыстары жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақтөбе-2» тарихи тұрағына экспедициялық қазба жұмыстары жүргізілді

08.10.2021

Шардара су қоймасы тарихи жәдігерлерге толы. Көл жағалауындағы нысандар күз айларында, яғни су едәуір тартылған кезде көрінеді. Биыл «Ақтөбе-2» деп аталатын қазба жұмыстарының нәтижесінде мүйісте бірқатар артефактілер пайда болған. Атап айтқанда тұрақтан тұрмыстық заттар, қыш құмыралар, кірпіштер мен кәріз жүйелері, тіпті адам сүйектері де табылған. Археологиялық экспонаттар аудандық тарихи-өлкетану музейінің қорына тапсырылды. Мамандардың тұжырымы бойынша көне заттар VII-VIII ғасырларға тиесілі.

Нұрлан Смаилов, Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейінің жетекшісі: 

Осы Байтанаев экспедициясында мысалы табылған Балбалтаас 7-8 ғасырға жатады екен. Құнды жәдігерлер табылып жатыр. 

Археологтардың айтуынша бұған дейін де Шардара жерінен бірнеше қалашықтар мен тұрақтар, қорымдар кездесіп, Қараханид дәуіріне қатысты құнды жәдігерлер табылған. Аталып отырған тарихи нысаннан кейінгі кездерде қыш құбырлар, түрлі тұрмыстық бұйым сынықтары кездескен. Жалпы Шардара аумағы алдағы уақыттарда қосымша зерттеулерді қажет етпек. Сонда ғана көне жәдігерлердің көмбесіне айналған бұл орынға қатысты нақты ғылыми деректер пайда болуы мүмкін дейді мамандар.

Бауыржан Шомпиев, Шардара ауданы әкімінің орынбасары: 

Арнайы жастармен экспедиция құрып жатырмыз. Жәдігерлерлі музейге тапсырамыз. Бұның басты мақсаты осындай тарихи жерлерді насихаттау, 


Саламат Омаш




Хабарламаларға жазылу