Баянауылдағы Сабындыкөлде мердігердің жауапсыздығынан балықтар қырылып жатыр

02.05.2016
Баянауылдағы Сабындыкөлде мердігердің жауапсыздығынан балықтар қырылып жатыр
Осыдан үш жыл бұрын Сабындыкөлде көл табанын тазарту жұмыстары басталған еді. «Сол уақыттан бері су бетіне қалқып шыққан балықтарды жиі байқаймыз», - дейді жергілікті тұрғындар. Себебі мердігер фирма лай батпақты құмдауыт жағалауға тастай берген. Оның үстіне айналадағы демалыс орындарының ескірген кәріз жүйесінен көктем шыға қалдықтар қар суымен қоса көлге құйылады.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу