Қарағандыда кәріз коллекторы тесіліп, асфальт опырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда кәріз коллекторы тесіліп, асфальт опырылды

22.07.2022

Қарағандыда кәріз коллекторы тесіліп, тасжолдағы асфальт опырылып кетті. Салдарынан тереңдігі 3 метр шұңқыр пайда болды.

Оқыс оқиға шамамен түнгі 12-лерде болған. Бұл уақытта ешкім зардап шекпеген, себебі көшеде көлік аз болған. Есеңгіреп қалған жаяу жүргіншілер қорқынышты кадрларды әлеуметтік желіге бөлісті. Осы кезде оқиға орнына коммуналдық кәсіпорынның мамандары мен полиция қызметкерлері жетіп, қауіпті аумақты қоршауға алды. Жұмысшылар кәріз желілерінің әбден ескіргенін айтады.


Хабарламаларға жазылу