Ақтау қаласының іргесіндегі Дәулет ауылының тұрғындары кәріз суының зардабын тартып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау қаласының іргесіндегі Дәулет ауылының тұрғындары кәріз суының зардабын тартып отыр

11.04.2023

Ақтау қаласының іргесіндегі Дәулет ауылының аумағын тез арада залалсыздандыру қажет. Себебі, жарты ғасыр бойы елдімекен сыртына жиналған кәріз суы жерге сіңбей, қоршаған ортаны бүлдіріп жатыр. Лас судың кесірінен баспаналар да жарамсыз болуға айналған.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Ашық-шашық шұңқырларға жиналған кәріз суы Дәулет ауылынан небәрі 300 метр жерде тұр. Мәне біреуі, мына жағымда тағы біреуі бар. Шамамен 20 гектардай аумақта осындай 14 шұңқыр бар. Барлығы да лас суға лық толы. Тіпті кейбірі арнасынан асып, тасып жатыр.

Кәріз суының несі бізге тиіп тұрған зардабы мінеки құдығымыз толып тұр. Толып кетеді осындай болып, бетіне шығып кетеді.

Әлима Юсупова құдығы лас суға тола берген соң, ауыз суды бөшкелерге жинайды. Жер асты суынан оның баспанасы дабүлінді. Ірге тасы жарылып, қабырғалары көгере береді.

Әлима Юсупова, Дәулет ауылдық округінің тұрғыны:

Құдығымыздан жаман су толып кетіп жатыр. Мына жанағы водопроводпен келеді ғой, соның ішінің құдығы да толып кеткен, туалетіміз сірә толып кеткен. Иіске деген демала алмаймыз. Кәдімгі дәрістің иісі келеді адамдардың дәрісінің иісі.

Дәулет ауылдық округінде 12 мыңға жуық адам тұрады. Ал, елді-мекеннің жанындағы кәріз суын тазалайтын нысан 1966-жылы темір жол мекемелеріне арналып салынған. Бірақ, оған Мұнайлы ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің де қалдық сулары құйылады.

Алексей Тайғараев, Дәулет ауылдық округінің тұрғыны:

Жер тойды. Жердің астында сіңетін жер жоқ. Жердің бетіне шығып жатыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай жан-жақ бәрі сор. Мынаның бәрі у. Бұл косты Қошқар атаға қосу керек бірінші вариант. Болмаса насос  фильтлеу ету керек бұны.

Тазалау орнына тәулігіне 1 мың текше метр кәріз суы құйылуда. Соның 850 мекше метрі тұрғын үйлерден келіп жатыр. Бірақ, ол үшін әкімдік қаражат төлемей келген. Сондықтан дер кезінде жөндеу жұмыстары жасалмады.

Қайрат Жанәділов, «Темір жол су Маңғыстау» мекемесінің учаске бастығы:

Бұл жерде бұрынғы ертеден келе жатқан карталар, Бұлар асты су сіңімділігі аәрі қарай сіңбейді. Сосын біз бұны жығып кетеді, бұны біз көміп қоямыз солай келе жатырмыз

Сондықтан әкімдік кәріз суын Ақтау қаласының орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосуды жоспарлап отыр. Сол үшін Маңғыстау ауылында құбыр жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 80 пайыз орындалған.

Нұрхан Мұстапаев, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары:

Кәріз құятын орын Қазақстан темір жолының теңгерімізде. Біз енді оған хат жаздық. Осы биылдан бастап, біз ол жерге енді құйылмайды ғой осы өзіміздікін ҚОС-2 ге жібереміз деп отырмыз. Сол мәселе шешілсе, біздің балансқа беріңіз, біз рекультивация жасайық өз тарапымыздан деп. Сол арқылы шешіледі бұл мәселе.

Ал, әзірше әкімдік тарапынан жер асты суын жинайтын тағы 2 дренажға 2 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Алайда, тұрғындар былтыр қойылған дренаждан ешқандай пайда болмағанын айтады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу