Бір жыл бұрын пайдалануға берілген Қарағанды-Теміртау тасжолының 5 шақырымы қайта жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір жыл бұрын пайдалануға берілген Қарағанды-Теміртау тасжолының 5 шақырымы қайта жөнделеді

16.04.2019

Қарағанды-Теміртау аралығындағы жаңа автобанның бұзылған 5 шақырымын қайта жөндеу жұмыстары басталды. Бір жылға жетпей сапасы сыр берген күрежол георадар, сканермен жабдықталған арнайы техникамен тексерілді. Сөйтіп 1,5 метр тереңдікке дейінгі жер қабаты қаралды. Осылайша бетон астында төселген топырақ жол жиегіне жиналған жауын-шашын және қар суынан ылғалданып, төмен түскені белгілі болды. Асты қуыс бетон көлік ағымынан болатын динамикалық қозғалысқа шыдас бермей, жарықшақтар пайда болған.

Бұл жолмен тәулігіне 23 мың көлік жүріп өтеді. Жолды қайта жөндеуді мердігерлер толықтай өз мойынына алған. Қазір сапасы сыр берген 5 шақырым аумақтың жарылған жерлері кесіп алынып, асты нығыздалып, қайта бетон құйылуда.

Қанат Шаймин, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ ҚОФ директорының орынбасары:

- Осы алған 800 метрдегі бетоннан 1600 куб. 040 фракциялы материал шығады. Ол материалды жоба бойынша біз қайтадан қолданатын боламыз. 2 шақырым жол жиегін нығыздауға. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу