Елордада асфальт опырылып түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада асфальт опырылып түсті

19.04.2021

Елорданың қақ ортасында асфальт опырылып, жеңіл көлік шұңқырға түсіп кетуге сәл қалды. Оқиға Шоқан Уәлиханов пен Ғұмар Қараш көшелерінің қиылысында болды. Осылайша мердігер компанияның салғырттығы апатқа соқтыра жаздаған. Олар құбыр тарту кезінде технологиялық ережені сақтамаған. Салдарынан кәріз коллекторын су шайып кетіп, ойық пайда болған. Қазір қауіпті аумақ қоршалды. Жол жабындысын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал, құрылыс компаниясы жауапқа тартылады.

Нысаналы Ығыл 

Хабарламаларға жазылу