Еуропалық ғалымдар Тамғалы мен Берелді зерттеуге ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық ғалымдар Тамғалы мен Берелді зерттеуге ниетті

28.01.2016
Еуропалық ғалымдар Тамғалы мен Берелді  зерттеуге  ниетті
Еуропалық ғалымдар Тамғалы мен Берелді  зерттеуге  ниетті

Әйгілі Тамғалы мен Берел ескерткіштерін зерттеуге Гермения мен Норвегия ғалымдары қызығып жүр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде министр Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

Министрдің сөзіне қарағанда қазір шетелдік ғалымдар еліміздегі бірқатар археологиялық ескерткіштерді зерттеуге ниет танытып отыр. Ал, министрлік болса мұндай байланыстарды тереңдете түсу бағытында шаралар атқарып жатса керек. Арыстанбек Мұхамедиұлының сөзіне қарағанда бұл байланыстар ғылыми-зерттеу жұмыстарына шетел инвестицияларын тартуға мүмкіндік беретін көрінеді.

Естеріңізге салайық, бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісі өтіп жатыр. Оған ҚР Премьер-министрінің орынбасар Дариға Назарбаева, министрлік басшылығы, комитет төрағалары мен департамент директорлары, масс-медиа өкілдері қатысып жатыр. Жиында 2015 жылдың нәтижелері мен 2016 жылғы жоспарлар талқылануда. Ведомствоның алқа мәжілісі туралы кеңірек Ұлттық арнаның Kaznews қызметінің кешкі шығарылымынан көре аласыздар.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу