Көкшетаудағы сарбаздардың жағдайы бірқалыпты
Көкшетау қаласында әскери бөлімнен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген сарбаздардың жағдайы бірқалыпты. Біреуі қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Олар дене қызуының көтерілуі, бас айналу, жүрек айну, әлсіздікке шағымданған. Науқастанғандардың алғашқы легі емдеу орнына осыдан бірнеше күн бұрын түскен. Ал кеше олардың жалпы саны 45-ке жеткен. Ал бүгін түнде тағы үш сарбаз аурухана төсегіне таңылды. Айта кетейік, науқастардың бесеуінен менингококк бактериясы табылса, кейбіреуінен энтеровирус анықталды.
Сәкен Қалымжанов, қалалық көпбейінді аурухананың директоры:
Жан сақтау бөлімінде жатқан сарбаз тыныс алу мүшелерін қорғау аппаратынан ажыратылды. Оның жағдайы туралы айту әлі ерте. Өте ауыр жағдайда түсті. Бір сәтке жүрегі тоқтап қалды. Біз қолымыздан келгеннің барлығын істеп, аман алып қалдық.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ-тәжік қатынасы: $2 млрд межесі
07.11.2026, 20:34
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22