Солтүстік Қазақстанда егін орағы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда егін орағы басталды

21.08.2023

Бидай түсімі гектарынан 15 центнер. Бұл – жылдағы орта көрсеткішке сай. Биыл өңірде 4,5 млн гектар алқапқа тұқым сіңірілген болатын. Оның 3,2 миллионы дәнді, 960 мың гектары майлы дақылдар. Сонымен қатар жемшөп, картоп пен көкөністің басқа да түрлері егілді. Өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымдарына жеңілдетілген бағамен 60 мың тонна дизельдік отын бөлінді. Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, астық сақтайтын қоймалар жаңа өнімді қабылдауға әзір.

Әсем Айтолла, Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы:

13 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Оның 2 мыңы биыл сатып алынды. Жылдың соңына дейін алынған техниканың көлемі 2,5 мыңға дейін өсетін болады. Астық сақтау қоймаларының сыйымдылығы облыста өндірілетін астықты сақтауға толығымен қамтамасыз етеді.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу