Барселона қаласының тұрғыны келесі жылы Қазақстанға саяхаттауды армандайды
Былтыр Қазақстанға шетелден 1 млн-дай турист келген. Қазынаға түскен салық рекордтық көрсеткішке жетіп, 380 млрд теңгеге жуықтаған. Бір шетелдік орта есеппен қазынға 1500 доллар көлемінде табыс әкеледі. Қазақстанның әсем табиғаты мен тарихи жерлерін аралағысы келетіндер қатары соңғы жылдары артып келеді.
Селим Йылдырым, Ыстамбұл қаласының тұрғыны:
Қазақстан Түркі мемлекеттерінің ішіндегі ең қатты барғым келетін ел. Әсіресе Астана мен Түркістанды көргім келеді. Балаларымды болашақта сол жақта оқытсам ба деп те ойлап жүрмін.
Хуан Роджик, Барселона қаласының тұрғыны:
Жұмыс сапармен Қазақстанға осыдан отыз жыл бұрын барған едім. Таулы қыраттары жадымда мәңгі сақталып қалыпты. Алдағы жылы жұбайым мен төрт баламды ертіп, қазақ еліне тағы бір саяхаттауды армандап жүрмін. Қазақстанға қатысты жаңалықтарды назардан тыс қалдырмаймын.
Адун Сындин, Канзас қаласының тұрғыны:
Мен колледжде оқығанда Орта Азияны танып білдім. Қазақстанның тұмса табиғатын көргім келеді. Қазақ әуені мен бай дәстүрін ұнаттым. Мен өзім АҚШтың Канзас қаласында туып өстім. Екі жақтың мәдениеті мен табиғатында ұқсастық бар. Канзаста да жайылым көп, халық негізінен мал ұстайды.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионатының жүлде қоры жарияланды
11.06.2026, 13:24
Семейлік әнші 100 әнді тоқтамай шырқады
11.06.2026, 13:21
Қызылордада экологиялық мәдениетті көтеру жағы талқыланды
11.06.2026, 13:18
Табиғатты қорғау: Қалдықты сұрыптау мәдениетін көтеру қажет
11.06.2026, 13:15
Дрон басқаруды оқушылар да үйрене бастауы мүмкін
11.06.2026, 13:12
Албанияда сан мың адам шеруге шықты
11.06.2026, 13:06
Иран мен АҚШ әскері бір бірін әуеден атқылады
11.06.2026, 13:03
СІМ Қазақстан азаматтарына Иранға бармауға кеңес берді
11.06.2026, 13:00