Президент «Қазақфильм» төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Қазақфильм» төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады

18.08.2023

Ғылыми-академиялық қоғамдастық әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты ғылымға негізделген ұсыныстар беруге ұйытқы болуы тиіс. Мемлекет басшысы Алматыда Ұлттық ғылым академиясының вице-президентімен кездесуде осындай пікір айтты. Асқар Жұмаділдаев соңғы үш айда атқарылған жұмыс туралы баяндап, ұйымды дамытуға қатысты жоспарын жеткізді.

Асқар Жұмаділдаев, Ұлттық Ғылым Академиясының вице-президенті:

Президент менің ұсыныстарымды түгел қабылдады. Болашақта ҰҒА жағдайы да, ғалымдардың да жағдайы жақсы болатынына кәміл сенем.

Президент «Қазақфильм» төрағасы Азамат Сатыбалдыны да қабылдады. Отандық кинематографияны және мәдениет саласын дамыту мәселелері талқыланды. Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» қызметіндегі түйткілді мәселелер туралы баяндап, ұсыныстарын жеткізді. Мемлекет басшысы кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру қажеттігін айтты.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу